21.11.2024
spot_img

Ахметтің 40 мысалы

Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

Қарасу Өзенге айтты: «Ғажап мұның! Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным? Тасисың бірде кеме, бірде салдар, Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын. Суыңда күндіз-түні тыныштық жоқ, Қалайша шаршамайсың, жарықтығым? Бейнетім менің...

Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен бақа

Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді. Су ішіп, көлдің шықты жағасына, Мал еді...

Ахмет Байтұрсы. Үлес

Қосылып, бірнеше адам ортақтасып, Үй салып, ортасынан дүкен ашып, Саудасы жұғымды боп, байып әбден, Шат болып, көңілдері судай тасып, Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып, Үлесіп отыр еді шуылдасып. «Үй жанып...

Ахмет Байтұрсын. Қасқыр мен қозы

Бұлаққа су ішуге келді Қозы, Жанында серігі жоқ, жалғыз өзі. Бәрі жоқ десең, шығар бөрік астынан, Бәле мен қаза алыс па, келсе кезі. Қаңғырған тамақ іздеп бір аш...

Ахмет Байтұрсынұлы. Қасқыр мен тырна

Бір Қасқыр сапар шекті елден жырақ, Неше күн таппай азық, қалды жарап. Жемтіктің жақын жерде иісін сезіп, Қасекең келе жатыр соған қарап. Қасқырдың кім білмейді қомағайын, Көңілден, жемтік көріп,...

Ахмет Байтұрсынұлы. Қасқыр мен мысық

Орманнан Қасқыр келді елге қашып, Алақтап, не қыларын білмей сасып. Соңынан бір топ аңшы қиқу салып, Ит қосып келе жатыр шапқыласып. Жалынып Қасқыр сонда Мысыққа айтты, Шетінде бір ауылдың...

Ахмет Байтқрсын. Қарға мен түлкі

Бір түйір ірімшікті тауып алып, Ағашқа Қарға қонды ұшып барып. Тоқ санап ірімшікті көңіліне, Жей қоймай, отыр еді ойға қалып. Қашаннан белгілі аңқау ала Қарға, Нәсіпке бұйырмаған шара бар...

Ахмет Байтұрсын. Қартайған арыстан

Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбыңды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар, Артына бір қарамай, бәрі кетті. Аяқта дәрмен қалды жүрерлік-ақ, Тым қарттық жас емес қой көрерлік-ақ. Тіс түсіп,...

Ахмет Байтұрсынұлы. Қарашекпен мен қой

Шақырды Қарашекпен Қойды сотқа, Күймей ме біреу үшін біреу отқа, Белгілі Қойдың тауық жемейтіні, Жазықсыз жаза тартқан пенде жоқ па? Түлкі екен судьясы «теңшіл» деген, Атақтан сау емес де...

Ахмет Байтұрсынұлы. Қара бұлт

Даланың күнге күйіп, аптап өткен үстінен, Бұлт шықты қаптап көктен. Қуанды шаруалар «я, Құдайлап!», Жерді бір суарар деп қурап кеткен. Жауар деп тұрды халық үміт етіп, Тамбастан өте шықты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

- ЖАРНАМА -spot_img