Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов енді мемлекет меншігіндегі жоғары оқу орындарды жекешелендіруге болмайтынын айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды,
«Жоғары оқу орындары мемлекеттік кәсіпорындардан акционерлік қоғамдарға өзгергеннен кейін академиялық ортада университеттерді жекешелендіруге байланысты түсініспеушіліктер пайда болды. Әсіресе, бұл мәселені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары көтерді. Аталған мәселені түпкілікті шешу үшін заңға түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық. Енді мемлекеттің 100% меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге мүмкіндік болмайды, демек бұл университеттер мемлекеттің меншігінде қалады», деп жазды министр.
Оның айтуынша, бұл заң жобасы енді Сенатта қаралады. Егер сенаторлар қолдаса, Мемлекет басшысының қарауына жіберіледі.