Қазіргі таңда 123 мыңнан астам талапкер 51 тестілеупунктінде ҰБТ тапсырды6 деп хабарлайды Қазбілім ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 92 458 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 30 967 – орыс тілінде, 263 – ағылшын тілінде тапсырды. Ең жоғары балл – 140.
224 түлек аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру
мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 563 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылды.
ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді тек өз күштеріне сеніп, академиялық адалдық ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Сондай-ақ әрбір тестіленушінің қимыл-
қозғалысы ахуалдық орталықта «бір тестіленуші – бір камера» қағидаты бойынша бақыланатынын ескертеді.
Тестілеуге кіргізу кезінде тоғыз түлектің дене қызуы көтерілген. Олар ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.