BILIM TALQY. Назарбаев зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?
Жаңа жоба - BILIM TALQY! ⠀ Республикалық “QAZBILIM” орталығында жаңа жоба, білім саласындағы өзекті мәселелерді сала эксперттерімен ауқымды форматта және қарапайым тілде халыққа жеткізу үшін подкасттар түсірілімі басталды. ⠀ Алғашқы подкаст “Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?” тақырыбында тікелей эфир шықты. ⠀ Құрметті ата-ана және талапкер оқушы, егер де сіз еліміздің үздік мектебі НЗМ-ге түсудің нақты жолдары мен аталмыш мектептің өзге мектептерден не артықшылығы бар екенін толық білгіңіз келсе, QAZBILIM TV ютуб арнасындағы алғашқы эфирдегі подкастты жіберіп алмаңыз. ⠀ ✅ Модератор: Аятжан Ахметжан @aiatjan Нұр-Сұлтан қаласы, N90 гимназия директоры ⠀ Ең алғашқы подкаст қонақтары, білім саласының жілігін шағып, майын ішкен білікті де білімді ұстаздар, көптеген шәкірттері НЗМ грантын иеленген мамандар: ⠀ ✅ Жанар Елтай @yale_tie Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Назарбаев Университетінің түлегі. Республикалық “QAZBILIM” орталығы Назарбаев зияткерлік мектебіне дайындық бөлімінің жетекшісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі. ⠀ ✅ Руслан Төреханов @ruslan_torehanov Дарынды балаларға арналған N2 мектеп интернаты және Республикалық “QAZBILIM” орталығы математика пәні мұғалімі. Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық бөлімінің жетекшісі. ⠀ ✅ Арай Байысхан @arai_baiyskhan Республикалық “QAZBILIM” орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық бөлімінің жетекшісі.