BILIM TALQY. Назарбаев зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?
Жаңа жоба - BILIM TALQY!
⠀
Республикалық “QAZBILIM” орталығында жаңа жоба, білім саласындағы өзекті мәселелерді сала эксперттерімен ауқымды форматта және қарапайым тілде халыққа жеткізу үшін подкасттар түсірілімі басталды.
⠀
Алғашқы подкаст “Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?” тақырыбында тікелей эфир шықты.
⠀
Құрметті ата-ана және талапкер оқушы, егер де сіз еліміздің үздік мектебі НЗМ-ге түсудің нақты жолдары мен аталмыш мектептің өзге мектептерден не артықшылығы бар екенін толық білгіңіз келсе, QAZBILIM TV ютуб арнасындағы алғашқы эфирдегі подкастты жіберіп алмаңыз.
⠀
✅ Модератор: Аятжан Ахметжан @aiatjan
Нұр-Сұлтан қаласы, N90 гимназия директоры
⠀
Ең алғашқы подкаст қонақтары, білім саласының жілігін шағып, майын ішкен білікті де білімді ұстаздар, көптеген шәкірттері НЗМ грантын иеленген мамандар:
⠀
✅ Жанар Елтай @yale_tie
Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Назарбаев Университетінің түлегі.
Республикалық “QAZBILIM” орталығы Назарбаев зияткерлік мектебіне дайындық бөлімінің жетекшісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі.
⠀
✅ Руслан Төреханов @ruslan_torehanov Дарынды балаларға арналған N2 мектеп интернаты және Республикалық “QAZBILIM” орталығы математика пәні мұғалімі.
Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық бөлімінің жетекшісі.
⠀
✅ Арай Байысхан @arai_baiyskhan Республикалық “QAZBILIM” орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық бөлімінің жетекшісі.