23.11.2024

Нұр-Сұлтандағы 15 мың оқушыға тегін мектеп формасы берілмек

Нұр-Сұлтан қаласында «Жалпыға міндетті орта білім» акциясы басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Атамекен» кәсіпкерлер палатасысына сілтеме жасап хабарлайды.

Акция шеңберінде елорда әкімдігі жекелеген санаттағы балаларды мектепке дайындауда материалдық көмек көрсетеді.

Акцияны елорда әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының қатысуымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді.

«Биыл акция аясында жалпы сомасы 600 млн теңгеге мектепке 15 мың оқушыны дайындау жоспарланған. «Жалпыға міндетті орта білім» акциясына мектеп формасы мен аяқ киім өндіретін 18 отандық тауар өндіруші қосылуға ниет білдірді. Қала бойынша 30 сауда нүктесі жұмыс істейді, онда ата-аналар ұл-қыздарға арналған мектеп формасын, соның ішінде жейде, блузка, сарафан, костюм (пиджак, кеудеше, шалбар немесе юбка), жемпір сатып ала алады», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев.

Оның хабарлауынша, биыл әр оқушыға 40 мың теңгеден бөлінеді. Сату және есеп айырысу BMC Sales платформасы базасында BMC Vseobuch арнайы қосымшасы – «Жалпыға міндетті орта білім» жобасын автоматтандыру сервисі арқылы жүргізіледі. «BMC Vseobuch» сервисінің жаңашылдығы – сатып алушыға жеткізушілердің тауарлары мен сауда нүктелерін, сатып алу және төлемдер тарихын, сондай-ақ әлеуметтік картадағы баланстың қалдығын тексеруге мүмкіндік береді.

«Мемлекет аударған қаражатты басқа мақсатқа жұмсау мүмкін емес. Әлеуметтік карточканы толтырып немесе ақшаны қолма-қол шешіп алуға болмайды», – деп атап өтті Бейсен Жолболдиев.

Бағдарлама 11 тамызда басталып, 31 қазанда аяқталады. Акцияға қатысу үшін ата-ана балалар оқитын мектепке барып, әлеуметтік статусын растауы тиіс, кейін баланың деректері акцияға жіберіледі.

«DANMARD компаниямыз «Жалпыға міндетті орта білім» акциясына басынан қатысып жатыр. Акция арқылы көптеген әлеуметтік мәселе шешіледі: балалардың киімі бүтінделіп, мектепке дайын болады, отандық өндірушілер тауарын сата алады. Осылайша ақшалай қаражат Қазақстанда қалады да көрші елдерге емес, экономикамыздың дамуына жұмсалады. Сондықтан біз елорда әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасына жергілікті бизнес қолдау мен отандық тауардың ілгерілеуіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Мықты мемлекет мықты экономика мен өндіріс негізінде құралады», – дейді «DANMART» ЖШС директорының орынбасары Дилара Сандыбаева.

Палата директоры Алмат Жүнісовтың хабарлауынша, акцияға қатысуға ниетті отандық тауар өндірушілер саны жыл сайын артып келеді. Мысалы 2019 жылы қатысушы саны 9 болса, 2020 жылы – 16-ға жетті. Акцияны елорда әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы үшінші жыл қатарынан өткізуде. 2019 жылы 12 690 оқушыға 30 мың теңгеден бөлді. 2020 жылы бұл сома 13 245 оқушыға шаққанда 40 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Жалпыға міндетті орта білім аясында көмек келесі санаттағы мектеп оқушыларына көрсетіледі:

-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқылығы отбасылардың балалары;

– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары;

– үйде тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-төтенше жағдай салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары;

– білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер.

2021 жылы «Жалпыға міндетті орта білім» бағдарламасының қатысушылары:

1. «SAMHAT аяқ киім фабрикасы» ЖШС

2. BMC Sales сатылымдардың серіктестік желісі» ЖШС сауда компаниясы (мектеп және балалар киімінің тігін фабрикасы)

3. «Байбосынова» ЖК

4. «DANMARD» ЖШС

5. «Веста» тігін салоны» ЖШС

6. «Angelcher» ЖШС

7. «GLASMAN» ЖШС

8. «ALTEX» ЖШС

9. «Гаухар» ЖШС «Bellasco» брендімен

10. «Style-Z» ЖШС

11. Сокирко С.Н. (Sens Fashion) ЖК

12. «CHEMPION» ЖК

13. «Alem Distribution» ЖШС

14. «Сара» ЖК

15. «Bizdin Forma» ЖШС

16. «Mimioriki» ЖШС

17. «Омаровтар ательесі» ЖШС

«Большевичка» өндірістік кооперативі.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА