23.11.2024

Алтай Көлгінов 2021 жылы қанша мектеп салынатындығын айтты

Елордада үш ауысымды мектептердің саны 2 есеге қысқарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты.
Барлық мектепті бюджет есебінен сала алмаймыз. Сондықтан жеке инвестиция үшін де, мемлекеттік-жекешелік әріптестік үшін де жағдай жасауға тиіспіз. 2019 жылы 6, 2020 жылы 11 мектеп салдық. 2021 жылы 15 мектеп салып жатырмыз. Бұл екі ауысымда оқыған кезде 40 мың оқушы орнын қамтамасыз етеді деген сөз. 2020 жылдың қорытындысында үш ауысымды мектептердің санын 2 есеге, 8-ден 4-ке дейін, ал оқушы саны артық мектептердің санын 22-ден 14-ке дейін қысқарттық», – деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Дегенмен, елорда әкімі жаңа білім ордалаларын салу жұмысы тоқталатын болса, аталған мектептердің барлығы қайтадан 3 ауысымда білім беруге мәжбүр болатындығын баса айтты.

«Оған жол бере алмаймыз. 2 жылдың ішінде жекеменшік мектеп құрылысына қатысты 36 жеке жобаға қолдау көрсеттік. Оның бір бөлігі бүгінде жүзеге асырылып жатыр және бұл мектептер биыл есіктерін ашатын болады. Қазірдің өзінде бұл мектептер үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл өте маңызды жұмыс. Келесі жылы да осыншама мектеп саламыз», – деді Алтай Көлгінов.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА