07.11.2024

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады

8 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия шешімімен 196 үміткер магистратура, докторантура, резиндентура бойынша және әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Стипендиаттар әлемнің 16 елінің жетекші білім ошақтарында, соның ішінде АҚШ (Гарвард университеті, Колумбия университеті, Массачусетс технологиялық институты), Канада (Торонто университеті), Ұлыбритания (Лондон экономика және саясаттану мектебі, Лондон Империялық колледжі, Лондонның Корольдік колледжі), Жапонияда (Токио университеті) т.б. білім алады.

Сондай-ақ олар қазіргі уақытқа аса қажетті қашықтан оқыту методикасы, жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық, университетті басқару, инклюзивті білім беру; медициналық генетика, вирусология, инфекциялық аурулар, эпидемиология, биотехнология, биомедицина; инновациялық менеджмент, цифрлық экономика, жасанды интеллект, мұнай-газ инжиниринг, авиация және аэроғарыш техникасы, атом өндірісі, IT, көлік технологиясы, машинақұрастыру, т.б. мамандықтарын меңгермек.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия берілді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламаларына бөлінген. Қосымша 500 стипендия тағылымдаманың «ғалымдар» жаңа санаты бойынша берілді. Бұл санат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген.

Айта кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау осы жылғы 4 мамырдан 28 қазанға дейін жалғасады.

Стипендиаттар тізімін Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтынан көруге болады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА