26.11.2024

Жансая Әбдімәлік әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді

Қазақстан құрамасы шахматтан Дүниежүзілік онлайн Олимпиадада топ-дивизионда көш бастап тұр

Жансая Әбдімәлік әлемнің төрт дүркін чемпионы Хоу Ифаньді жеңді. Тағы бір қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева турнирде өзінің барлық алты партиясын жеңіп алды.

Бұл ойын онлайн Олимпиаданың төртінші турында өтті, онда Қазақстан алты партияның үшеуінде жеңіске жетті. Ал тағы бірін тең есеппен аяқтады – 3,5-2,5. Жансаядан басқа Асаубаева мен Рамазан Жалмаханов та жеңіске жетті.

Ифань турнирде өткен алты матчтың тек екі матчын ойнады және екеуінде де жеңіске жете алмады. Жансая Әбдімәліктен кейін ол Ираннан келген Сарасадат Хадемальшарьехпен тең ойнады.

Қазақстан онлайн Олимпиадада топ-дивизионда Қытайды екі ұпаймен басып озып, 12 ұпаймен көш бастады. Қазақстандық шахматшыларға топта тағы үш ойын өткізу қалды. Қарсыластары – Иран, Моңғолия және Австралия шахматшылары.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА