22.11.2024

Асхат Аймағамбетов: Бір мектепте бірнеше спорт зал болуын қарастырып жатырмыз

Ендігі уақытта орта білім беру мектептерінде бір емес бірнеше спорт залдан болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Еліміз бойынша 45 мыңнан астам балаларға арналған спорттық секциялар бар. Биыл оның санын 50 мыңға жеткізбекпіз. Сол арқылы еліміз бойынша балалардың кем дегенде 50 пайызын күнделікті спортпен шұғылдануға жағдай жасау. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы өз Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп, алдымызға міндет қойды. Қазір мектептердің типтік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол бойынша мектептегі спорттық инфрақұрылымды жетілдірмекпіз. Біз білеміз, бір мектепте бір ғана спорт зал бар, ол бала саны көп мектептер үшін аздық етеді. Мектеп бағдарламасына сәйкес дене шынықтыру пәні аптасына 3 рет өтеді. Сондықтан да типтік бағдарламада біз әр мектепте бірнеше спорт зал болуын қарастырып жатырмыз. – деді А. Аймағамбетов елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА