23.11.2024

Білім министрлігі әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс – Тоқаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс деп айтты.

Шындығында да біздің мектеп түлектеріміз қазақстандық қоғамға кіріктірілуі тиіс. Олар бәсекеге қабілетті болуы қажет. Бұл үшін олар мемлекеттік тілді де, ана тілін де және мүмкіндігінше орыс тілін де білуі керек. Толықтай алғанда, балаларымыздың бірнеше тілді білгені өздеріне жақсы. Оларды бір тілмен ғана шектеуге болмайды. Сол арқылы біз іс жүзінде олардың болашақ дамуын, болашақтағы бірігуін шектейтін боламыз. Түптеп келгенде болашағының аман-есен болуынан айырамыз. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі және оны біздің ұлттық топырағымызға сіңіруі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА