23.11.2024

ҰБТ КЕЗІНДЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ?

 ҰБТ шеңберіндегі бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету үшін, тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы сұрақтарды шешу үшін және емтихандарға қатысушылардың құқығын қорғау үшін апелляцияларды қарастыру бойынша Республикалық комиссия, сонымен қатар әрбір қабылдау пунктінде апелляциялық комиссия құрылады. Аталған комиссия тестілеу кезеңінде қызмет атқарып, емтихан аяқталғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.

Жергілікті апелляциялық комиссияны ҚР БҒМ тағайындаған өкіл басқарады. Апелляциялық комиссияның құрамын облыстық және қалалық білім басқармалары бекітеді.

Әр ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияның мүшелері ретінде жергілікті мектептердегі жоғары білікті пән мұғалімдері алынады.

Комиссия өтініштерді ҰБТ-ға қатысушының жеке өзінен тестілеудің нәтижесі хабарланғаннан күннің ертесіне сағат 14.00-ге дейін қабылдайды.

Әр ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссия талапкердің өтінішін бір күн ішінде қарастырады.

Тестілеудің қорытындысымен келіспейтін талапкер белгіленген мерзімде тест тапсырмасының құрылымы бойынша немесе қандай да техникалық себептер бойынша апелляцияға шағым беруге құқығы бар.

Тест тапсырмасының құрылымы бойынша:

–         тапсырманың құрылымы дұрыс емес деп есептейтін жағдайда;

–  жауапты дұрыс таңдап, бірақ оның қорғалмағанына сенімді болған жағдайда. Яғни жауап кілтінің дұрыс еместігін дәлелдейтін жағдайда.

Тест тапсырмасының құрылымы бойынша апелляцияға түскен өтініштерді қабылдау пән мұғалімдерінің құзырында. Оларды жергілікті апелляциялық комиссия қарастырады. Өтініш бойынша талапкердің жауабы расталса, оны апелляцияларды қарастыру бойынша құрылған Республикалық комиссияға жібереді.

ҰТО-ның оқыту курстарынан өткен, тестілеу рәсімдерінен хабары бар, тәжірибелі және білікті пән мұғалімдерінен құралған Республикалық апелляциялық комиссия жергілікті апелляциялық комиссияның талапкерге балл қосу туралы ұсынысының қаншалықты қисынды екендігін қарастырып, соңғы шешім қабылдайды.

Талапкер кез-келген өтініш берер алдында апелляцияны қарастыру емтиханды қайта тапсыру болып табылмайтынын білуі тиіс. Апелляцияны қарастыру барысында тек сынақты тапсыру нәтижесін бағалау дұрыстығы ғана тексеріледі.

Талапкерлерді апелляция туралы дұрыс ақпараттандыру мақсатында Ұлттық тестілеу орталығында ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша апелляцияға өтініш беру және қарастыру рәсімдері жөнінде Жадынама әзірленген. Бұл Жадынама талапкерге тестілеуге қатысуға өтініш түсіру уақытында беріледі.

Егер ҰБТ-2013 кезіндегі апелляцияны қарастыру бойынша Республикалық апелляциялық комиссия жұмысының нәтижесіне назар аударатын болсақ, онда бұл уақытта талапкерлердің – 1361 апелляциясы қарастырылған, оның ішінде ҰБТ-2013 кезіндегі қолданылған тест тапсырмаларының жалпы санының 0,45%-ын құрайтын 288 тест тапсырмасына берілген талапкерлердің өтініштері қанағаттандырылды. Олардың ішінде қазақ тілінде – 156 тест тапсырмасы, орыс тілінде – 132 тест тапсырмасы.

Алдыңғы жылдардыңнәтижесібойынша да осындай мәлімет беруге болады (қанағаттандырылған өтініштер бойынша қолданылған тапсырмалардың жалпы санының 1%-нан кем).

Гүлжан Примбетова
Орта білім берудегі тест тапсырмаларын қалыптастыруды ұйымдастыру басқармасының жетекшісі

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА