07.11.2024

2025 жылға қарай ауыл мектептерінің 95 пайызы жаңғыртылады

2025 жылға қарай ауыл мектептерінің 95 пайызы жаңғыртылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған.

«Ауылда білім беру сапасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай 5000 мектепке жаңғырту жүргізу жоспарлануда. Бұл ауыл мектептерінің – 95 пайызы. 2021 жылы 5000 мектептің 1015-і, 2022 жылы – 1003 мектеп, 2023 жылы – 994 мектеп, 2024 жылы – 994 мектеп, 2025 жылы – 994 мектеп жаңғыртылатын болады. Барлығы 5000 мектепті жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 51,4 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған», – деп атап өтеді Премьер-Министр жауабында.

Оның атап өтінше, ауыл мектептерін жаңғырту күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуді, мектептерді пәндік кабинеттермен, мектеп жиһазымен жарақтандыруды, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңғыртуды, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуді қамтиды.

«Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, мектеп құрылысының жаңа моделін бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, алдағы 5 жылға арналған мектеп құрылысына қажеттілікке егжей-тегжейлі талдау жүргізді және 2021-2025 жылдарға арналған 800 мектеп құрылысының жоспар-кестесін әзірледі»,- деді Үкімет басшысы.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА