23.11.2024

Батыс Қазақстанда бес жылда 77 мектеп салу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасына сәйкес бес жылда 77 мектеп салу көзделіп отыр.
БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, Мемлекет басшысы елімізде 2025 жылдың соңына дейін 1 мың мектеп салу туралы тапсырма берген болатын.

Осы бағытта облыста тиісті жұмыстар атқарылады. Мысалы, 2022 жылы өңірде жаңадан 21 мектеп салынбақшы, биылдан ауысатын 4 ғимарат және бар, барлығы 25 нысанды іске қосу жоспарлануда. Бұлардың 16-сы – ауылдарда бой көтеретін модульді, аз комплектілі білім ордалары. Ал 9 мақсатты мектептің үшеуі қалада, алтауы аудандарда тұрғызылмақшы. Сондай-ақ 2023 жылы 24 мектептің құрылысы басталмақшы. Мұның 19-і – модульді мектептер.

«Білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, 2021 жылы 1991 жылмен салыстырғанда, 92,7 млрд теңгеге ұлғайып, 117,7 млрд теңгеге жетті. Тәуелсіздік жылдарында облыста 70 мектеп, 20 балабақша, 7 қосымша білім мекемесі салынды. Биылғы оқу жылында 376 мектепте 114 мың оқушы білім алуда. Соның ішінде 737 шәкірті бар 5 жекеменшік мектеп бар. Тәуелсіздік жылдары өңірде инновациялық мектептер желісі құрылды. Атап айтқанда, «Назарбаев зияткерлік мектебі», дарынды балаларға арналған мамандандырылған 4 мектеп, «Білім-инновация» лицейі, 22 гимназия, лицейлер, сондай-ақ «Дарын» қосымша білім орталығы жұмыс жасауда. Облыста мектепке дейінгі 521 ұйымда 32 мыңнан астам балдырған тәрбиеленуде», – деді А.Мыңбаева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тәуелсіздік жылдары 18 жаңа шағынаудан бой көтергенін жазған болатынбыз.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА