24.11.2024

Қазақстандағы жоғары оқу орындары 4 топ бойынша жіктеледі

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында жоғары оқу орындарын жіктеудің жаңа моделі енгізілетінін айтты.

«Мемлекет басшысының ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес, академиялық жұртшылықпен талқылау қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарын жіктеудің моделі әзірленіп, академиялық қауымның талқылауынан өтті.

Құжатты жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі кеңес мақұлдады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарын жіктеудің бұл моделі «ҚР Білім саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған» деп жазды Ералы Тоғжанов жауабында.

Жоғары оқу орындары мынадай топтарға бөлінеді:

бірінші топ – халықаралық және ұлттық деңгейдегі ЖОО

екінші топ – өңірлік деңгейдегі ЖОО,

үшінші топ – салалық деңгейдегі ЖОО. Қалған жаңадан ашылған ЖОО-лар төртінші топқа жатады. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарын топтар бойынша жіктеу білім беру, ғылыми қызмет, интернационалдандыру нәтижелеріне, ел, өңір және (немесе) сала экономикасына қосқан үлесіне негізделмек.

Жоғарды аталған үш топқа кіретін ЖОО білім беру бағдарламаларын аккредиттеп, олардың кәсіби стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуі қажет. Ал ғылыми қызметтің табыстылығы профессорлық-оқытушылық құрамның дәйексөзділік деңгейіне, ғылыми коллаборацияға, ғылыми жобаларды коммерцияландырудан түсетін кірістерге, рейтингтік журналдардағы жарияланымдар санына байланысты айқындалады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА