26.11.2024

Қазақстандық ЖОО-ларда қандай тәрбие жұмыстары жүргізіледі?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандық ЖОО-ларда жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы айтты.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасында Қазақстандықтардың жас ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудің құндылыққа бағдарланған тәсілін қолдана отырып тәрбиелеу мәселелері бойынша арнайы бөлім қарастырылған. Тәрбие жұмысының көрсеткіштері сондай-ақ «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында, жоғары оқу орындарын дамытудың стратегиялық жоспарларында, жоғары оқу орындарының тәрбие жұмысы жоспарларында көзделген. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша ЖОО-лар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі», деп хабарлады Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында жалпыға міндетті пәндер циклінде әлеуметтік саяси пәндер модулі қарастырылған.

«ЖОО-ларды аккредиттеуге қойылатын талаптарда жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру бойынша пәндерді міндетті түрде енгізуді қамтитын студентке бағдарланған оқыту, оқыту және бағалау жөніндегі стандарт көзделген. Жастардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін студенттер клубтар жұмысына бағыттар бойынша тартылады, студенттік лигалар (спорттық, дебаттық және т.б.) құрылады», деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

«100-ден астам ЖОО-да жастар саясатының өзекті тақырыптары бойынша клубтардың тұрақты отырыстарын өткізетін дебат клубтары жұмыс істейді. Жоғары оқу орындарының алқалы органдарына (ғылыми кеңес, этика жөніндегі комиссия, жұмыс топтары, сараптамалық кеңестер және т.б.) басқарушылық шешімдер қабылдауға, білім беру процесі мен студенттік өмір мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу үшін студенттік актив тартылады», деп түйіндеді Е. Тоғжанов

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА