Целиноград ауданының Төңкеріс ауылында 110 оқушыға арналған жаңа модульдік мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Қазбілім тілшісі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, екі қабатты білім ордасының аумағы 1585 шаршы метр, онда шамамен 120 оқушы білім алатын болады. Мектеп ауыл балаларының сапалы білім алуы үшін қазіргі заманғы талаптарға сай жабықталған.
«Жаңа мектепте 14 оқу кабинеті бар. Әрбір оқу сыныбында интерактивті панельдер орнатылған. Жаңа модификациялы химия-биология кабинеті барлық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мамандандырылған оқу сыныптарынан басқа модульдік мектеп спорт залымен, асханамен, медициналық кабинетпен жабдықталған. Спорт залы спорттық жабдықтармен және мектепке қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Асхана, медициналық кабинет барлық заманауи талаптарға жауап береді. Музыка кабинеті қажетті аспаптармен толық қамтылған. Мектеп жанында балалар және спорт алаңдары бар», – дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Осы ретте, республикада алғаш рет қысқа мерзімде пайдалануға берілген мектеп ғимаратта өрт, экологиялық және санитарлық қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген.