07.11.2024

Мұғалімге балағат сөздер айтқан оқушыға қатысты министрлік пікір білдірді

ҚР Білім және ғылым министрлігі Алматы облысы Талдықорған қаласындағы №4 мектепте болған оқиғаға қатысты мәлімет берді.

«11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туған оқушы мұғалімге балағат сөздер айтып, қатты дауыспен сөйлескен.

Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазды. Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды», – деді министрліктің баспасөз қызметінен.

ҚР БҒМ кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеті үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылғанын еске салады. «Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды.

Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады.

Айта кетейік, мұғалімдерге деген мұндай көзқарасқа жол берілмейді. Тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балалармен қоғамда өзін қалай ұстау керегі туралы әңгімелер жүргізуі маңызды», – делінген ҚР БҒМ баспаөз қызметі таратқан хабарламада.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

10 COMMENTS

  1. Ұстазды сыйлау-ұлтты сыйлау.
    “Шәкіртсіз-ұстаз тұл, ”
    Білімсіз шәкірт-болашақ құл.
    Ұстазға-365-күн құрмет артық емес.

  2. Мұғалімнің мәртебесін 1 басшылық бағалап көтеру керек. Басшылық тарапынан қатаң шара көруі тиіс!

  3. Сол ғой:петиция министрға қарсы жазғандары мұғалимсмактардың ❗қөздері шел басып кетедіатаннаасына неге осы күнгедеин сөгіс бермеген❓бос жиберем баланы

  4. Ұятсыз, қалай мұғалімге осылай дауыс көтеруге болады, әке-шешесін қара бет қылдырды қараңғы қалғыр ұятсыз

  5. Бізді оқытқан баяғы мұғалімдер болса ғой, шіркін. Шапалақпен тартып-тартып жіберетін еді. Мұндай бала үйіне келгеннен соң ата-анасынан “ұятқа қалдырғаны үшін” тағы да таяқ жейтін. Сөйтіп бар мәселе оңай шешілетін.

    • Мұғалімнің өзі сотталады ғой. Шапалақты қойшы, қатты сөз айтсаң “не имеете права..” – деп шыға келеді.

  6. Ата-ананың балаға беретін тәрбиені қолға алу керек. Қазақтың ұлттық тәрбиесін жаңғырту қажет. Әр халықта тәрбие бірінші орында болу керек деген ойдамын.

  7. Ата-анасымен қосып жауапқа тарту керек. Және елдің алдында бүкіл ұстаздар қауымынан кешірім сұрасын.

  8. Бала ата-ананың айнасы. Ата-анасына тәртіптік шара қолдану керек.

  9. Жәй қалдырмай, ата-анасына кәдімгідей шара қолдану керек.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің дегендей, бұл оқушы үйінде әкенің ісін қайталап тұр. Үйдегі жиі болатын істі сүреттеп тұр. Қандай болашақта адам болады?…

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА