23.11.2024

Білім министрі Назарбаев Университетіндегі арандатушылық плакатқа қатысты пікір білдірді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Назарбаев Университетіндегі кабинеттердің бірінде «Zа наших» жазбасы бар плакатқа қатысты пікір білдірді.

«Барлық азамат заң алдында тең, заңнама талаптары бәріне бірдей таралады. Сондықтан олар заңнамаға қайшы ұстанымын білдірсе, онда жауапкершілікке тартылады. Осы жағдай бойынша әзірге хабарсызбын. Екіншіден, Назарбаев Университеті автономды мәртебеге ие, Білім және ғылым министрлігіне есеп бермейді», – А. Аймағамбетов

Министрдің пайымынша, қандай мамандық иесі болса да, осындай заңға қайшы әрекет жасауға болмайды.

 

«Егер қандай да бір қадаммен заңнаманы бұзса, барлығы секілді жауапкершілікке тартылады. Мұғалімдерге қатысты тоқталсақ, бізде педагог этикасының кодексі бар және онда барлығы нақты жазылған. Олар осы этикалық ұстанымдарға, талаптарға сәйкес болуы керек. Оның аясында ата-аналармен, балалармен, өздерінің әріптестерімен қарым-қатынаста аталған ұстанымдарды ескеруі керек. Оларға өздерінің позициясын, соның арасында саяси ұстанымын басқаға міндеттеуге жол берілмейді», – деді министр.

«Олар білім береді және оны тек оқыту бағдарламасы аясында жүргізуі керек. Ал заңнама талаптарын бұзатындай өзінің саяси ұстанымын немесе насихатын міндеттеуге рұқсат етілмейді», – деді А. Аймағамбетов.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА