07.11.2024

Оқушылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді

10-19 маусым аралығында Панама қаласында оқушылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді.

Қазақстан шахмат федерациясы мәліметіне қарағанда чемпионат 7, 9, 11, 13, 15 және 17 жасқа дейінгі жас санаттарында ұлдар және қыздар үшін жеке жарыс өтеді. Чемпионат ФИДЕ жарыстарының жалпы ережелеріне сәйкес 9 турдан тұратын швейцария жүйесі бойынша өткізіледі.

Уақытты басқару: әр қадам үшін 90 минут + 30 секунд. Жарыс соңында әр санаттағы үш үздік ойыншы алтын, күміс және қола медаль олжалайды. Чемпионаттың қалған қатысушыларына сертификат беріледі.

13, 15 және 17 жасқа дейінгі санаттағы жеңімпаздарға FM/WFM атағы беріледі. Күміс және қола медаль иегерлері СM/WCM титулына ие болады. 7, 9 және 11 жасқа дейінгі жеңімпаздар, сондай-ақ күміс және қола медаль иегерлері CM/WCM титулын алады. Қатысуға өтініш пен төлемді Қазақстан шахмат федерациясының office@kazchess.kz ресми почтасына 22 сәуір сағат 12:00-ге дейін жіберу керек. Жарыс ФИДЕ және Панама шахмат федерациясының қолдауымен өтеді.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА