23.11.2024

Биылдан бастап түлектер 2,5 жылдық бакалавриатқа түсе алады

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов халықты қысқамерзімді оқытумен қамту және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды ұлғайтуды тапсырды.

«Мемлекет, кәсіпорындар мен оқу орындарының арасындағы жауапкершілік анық бөлінгенде ғана кадр даярлаудың сапасы қамтамасыз етіледі. Мұны әлемдік тәжірибе де анық көрсетіп отыр. Сондықтан әкімдіктер колледждер мен кәсіпорындардың өзара тиімді әріптестік орнатуы үшін шаралар қабылдауы қажет. Яғни, колледждерді қамқорлыққа алу, дуалді оқыту жүйесін дамытуға жағдай жасалуы тиіс. Мамандарды алдын ала даярлау үшін «Жаңа кәсіптер атласын» да пайдаланған жөн», деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Ең бастысы – колледждер мен университеттердің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы керек.

«Кадр даярлауда мамандарға деген қазіргі сұраныспен қатар, еңбек нарығының болжамды деректері де негізге алынуға тиіс.

Бұл міндеттердің барлығы 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында ескерілуі керек. Сонымен қатар Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, қысқамерзімді оқытуды ұлғайту мәселесін пысықтап, оның тиімділігіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін», деді Әлихан Смайылов.

Одан бөлек, өңір әкімдіктеріне техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджеттен бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту, «Жас маман» жобасының негізінде колледждерді жарақтандыруға қаражат бөлу, кәсіпорындармен бірге мамандарды нысаналы түрде даярлауды жолға қою тапсырмалары берілді.

Аяна Тоғанбек

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА