22.11.2024

Қазақстанда мемлекеттік дипломның формасы өзгереді

ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім туралы құжаттардың формасына өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады.

Атап айтқанда, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның баға қойылатын екі тілдегі қосымшасына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Білім және ғылым министрлігінде түсіндірілгендей, биылғы оқу жылынан бастап ТжКБ (Техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдары цифрлық бес балдық бағалау жүйесінен баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесіне көшті. Оқушылардың оқу жетістіктері халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар, кему реті бойынша «А»-дан «D-ға дейін», «қанағаттанарлықсыз» – «F»).

«Биыл мектеп бітіру ТжКБ (Техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдарында модульдік бағдарламалар және оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүргізілетінін ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізу қажет», делінген құжатта.

Бұйрық жобасы 4 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА