22.11.2024

Жалған диплом жасатқан мұғалімдер қомақты айыппұл төлейді

Диплом сатып алып, мектепте сабақ беріп жүрген мұғалімдердің қулығы анықталса қомақты айыппұл салынады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, еліміздің Қылмыстық кодексiнің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасағандарға 2000 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сонымен қатар 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

Ал жалған құжатты пайдаланғандарға 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Ведомство «осы уақытқа дейін қанша мұғалімнің жалған дипломмен сабақ беріп жүргені анықталғанына» қатысты сауалымызға бұл мәселе құқық қорғау органдарының құзырында екендігін атап өткен.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Сәлеметсіз бе, дипломды сатып алып жұмыс жасу ешкімді таңқалдырмайды. 10-11 сыныпта тестке дайындалып, студент болып терлеп-тепшіп оқимыз. Ал, кейбіреулер терлемей-ақ, дипломды сатып алып жұмыс жасап жатыр. Бұл әрине, әділетсіздік, теңсіздік…Білім сатылмауы керек. Бір ұсыныс айтар едім. Неге дипломдарды тексеріп отырмайды. Өзім Алматы облысы, Сарқан ауданы, Алмалы ауылында 《Ер Төстік 》бөбекжай балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын… Балабақшадағы тәрбиешілердің арасында дипломды сатып алып жұмыс жасап жүргендер бар…Қаншама жылдар өтті. Дипломды тексеріп келген, бірде бір тексеруші болған емес…

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА