Қазақстан алғаш рет дүниежүзілік оқушылар гимназиадасына қатысады. 14-22 мамыр аралығында Францияның Нормандия аймағында өтетін жарысқа ел намысын қорғауға 234 оқушы аттанады.
Дүниежүзілік гимназиадаға әлемнің 70 елінен 16-18 жас аралығындағы 3,5 мыңнан астам оқушы қатысады.
Біздің құрама спорттың 18 түрінен жүлделі орындар үшін жарыс жолына шығады.
Ұлттық құрама 296 адамнан жасақталған. Оның 234-і жас спортшы, 49-ы жаттықтырушы, 9-ы төреші және 4-еуі штаб мүшесі. Бұл жарыстарда оқушыларымыз барынша көп медаль алуға тырысатын спорт түрлері:
• Бадминтон;
• 3х3 баскетбол;
• Бокс;
• Еркін күрес;
• Әйелдер күресі;
• Грек-рим күресі;
• Дзюдо;
• Жеңіл атлетика;
• Үстел теннисі;
• Спорттық бағдарлау;
• Жүзу;
• Жағажай волейболы;
• Регби;
• Спорттық гимнастика;
• Садақ ату;
• Таеквондо;
• Семсерлесу;
• Көркем гимнастика.
Дүниежүзілік гимназиадаға қатысу мектеп спортының және мектеп лигасының дамуына септігін тигізеді. Балалар жылы жас спортшыларымыз үшін осындай маңызды оқиғамен ерекшеленіп отыр. Оқушыларымыз барынша көп медаль алуға тырысады. Біз спорт түрлері бойынша мектеп лигаларын белсенді түрде дамытып жатырмыз, балалар ол жарыстарға қуана қатысуда. Оқушылардың спортқа жаппай қатысуы – біздің басты міндетіміз.