23.11.2024

BALAM – ата-ананың көмекшісі

Назарбаев Университеті инновациялық кластерінің стартаптарына арналған Demo Day өтті. Іс-шарада инкубация және акселерация нәтижесі бойынша 23 стартап ұсынылып, ең үздік үшеуіне 2 млн теңгенің гранты бөлінді.

NURIS бизнес-инкубациялау және акселерация бағдарлама­сының түлектері жетістіктерін көр­­сетті. Атап айтқанда, E-Com­merce, Education & HR, AgriTech және HealthTech салаларындағы мәселе­лердің ше­шімдерін 23 стартап арқылы ұсынды. Сондай-ақ Demo Day жаңа байланыс­тарды табуға және серіктестік ор­натуға бағытталған 100-ден астам қа­тысушыны бірік­тірген тиімді коммуникация алаңына айналды. Іс-шараға 50-ге жуық ұйым, оның ішінде ұлт­тық компаниялар, венчурлық қорлар, халықаралық консалтингтік ұйым­­дар, банк­тер, университеттер, биз­нес-қа­уым­дас­тықтар, ірі компа­ниялар қа­тысты.

«Инкубация – ерте кезеңдегі стар­таптарға қолдау жасайтын бағ­дарлама, ал акселерация өсу, әрі қарай даму, шетел­дер­­ге шы­ғу, инвестициялау қа­жет болған стар­таптарға қолдау көр­­­сетуді қамтиды. Бізге идея­мен келіп, 3 ай ішінде белгілі бір бизнес туралы тренингтер­ге қатысып, эксперттердің, Назарбаев Университетінің про­фес­­сор­ларынан ақыл-кеңес ала­ды. Сонымен қатар бизнес маман­дарымен жеке кездесу ұйым­дастыру арқылы өз жо­баларын жетілдіріп, да­мы­та­ды. Бүгінде міне, кейбі­реулері алғашқы са­тылымға жетті, ал кейбіреулері өзде­рінің про­тотиптерін жасап, ин­весторларға және өзінің серік­тестеріне ұсынып отыр. Инку­бация жобасы аясында ең үлкен жетістіктерге жеткен үздік стар­таптарға NURIS өз атынан 2 млн теңгеге дейін қаржылай қолдау көр­­сетті», деді NURIS бизнес-ин­ку­­баторының менеджері Арна­гүл Қабыкен.

Грант ұтып алғандардың қа­та­рында Елнұр Қайнарбек, Дми­­трий Нам және Алтынгүл Тай­басарова бар. Е.Қайнарбек ойлап тапқан GoDays қосымшасы пайдаланушылардың өнімділігін арттыруға көмектеседі. Ал Д.Нам же­текшілігімен жасалған B2B на­рығы – А2optics стартапы опти­каға арналған.

Үшінші жеңімпаз, BALAM мобильді қосымшасын жасаған А.Тай­­ба­сарованы сөзге тартқан едік. Ол екі баланың анасы, мек­теп­ке дейінгі білім беру сала­сын­да ең­бек етеді. Алтынгүл ба­ла­­бақ­шадан алған тәжірибесі арқы­лы бала­бақша әкімшілігі мен тәрбие­ші­лердің, ата-аналардың кез бола­тын мәселелерімен таныс. Осы мәсе­лелердің инновациялық шешімі ре­тінде Алтынгүл және оның тобы BALAM мобильді қосымшасын ой­лап тапты.

«Бұл мобильді қосымша қазіргі барлық балабақша мәселесін шешеді. Біріншіден, балабақшада істейтін әрбір қызметкер күніне 2 сағатын тек қана ата-аналармен әлеу­меттік желіде хат алмасу үшін, сонымен қатар қағаз жұмыстарына жұмсайды. Осылайша, балаға тиіс­ті көңіл бөлінбейді. Екін­шіден, өте көп баланың аллергиясы бар. Балабақшада бұл ақпарат әртүр­лі жерде сақталады және тәр­бие­­ші назарынан тыс қалуы да мүм­кін. Соның салдарынан бала денсаулығына зиян келеді. Ал мектепке дейінгі ұйымның беделіне теріс әсер етеді. Біздің мобильді қо­­сымша осы мәселенің бәрін ше­шіп, балабақшаға: ата-аналармен қарым-қатынасты жақсартуға; ата-аналардың қанағаттану деңгейін екі есе арттыруға; оқушылар туралы барлық маңызды ақпаратты бір жерде сақтауға мүмкіндік береді. Осы күні біз Нұр-Сұлтанның 3 ба­ла­­бақшасында қосымшаның жо­балық нұсқасын іске қостық, тағы 5 балабақша қосымшаның жүр­гізілуін күтіп отыр. Болашақта бұдан да көп мекеме бізге қосылады деп үміт­­те­неміз», деп бөлісті А.Тай­баса­рова.

Бұдан бөлек тағы 3 стартап «Ең үздік инновациялық шешім», «Ең үздік питчер» және «Ең үздік дизайн» аталымы бойынша ынталандыру сыйлығын иеленді.

 

Аружан НАҒАШЫБАЙ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА