23.11.2024

Жеке білім беру ұйымдары балабақшаларды лицензиялауды ұсынды

Жеке білім беру ұйымдары балабақшаларды лицензиялау бастамасын көтерді. Бұл туралы «Республикалық жеке білім беру ұйымдары қауымдастығының төрағасы Роза Садықова «Атамекен» палатасындағы дөңгелек үстелде айтты.

Өз сөзінде Р. Садықова жеке білім беру ұйымдары 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болғанын атап өтті. Ал 2010 жылдан бастап «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекет жеке секторға қолдау көрсетті.

«Яғни, 1991 жылы Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған кезде ел аумағында жеке білім беру қызметін жүргізуге рұқсат беру туралы жарлық шықты. Демек, біз Конституцияны, «ҚР Білім туралы« заңды міндетті түрде сақтауымыз керек, осы аяда жұмыс істеуіміз керек. Неліктен? Себебі біз бәріміз балаларды тәрбиелеп, өскелең ұрпақты оқытамыз. Біз бұл істе ортақ ұстанымды ұстануымыз керек. Мен де мектепке дейінгі білім беру секторын қалыпқа келтіру керектігін әрдайым айтып келемін», – деді Р. Садықова.

Оның айтуынша, балабақшалардың қызметін лицензиялау балалардың сенімді қолында екендігіне көз жеткізу үшін қажет.

Спикер заңнамада қандай ұйымдар білім беру ұйымы болып саналатынын және оларға мектепке дейінгі мекемелер де жататыны анық жазылғанын атап өтті. Сондықтан, «Білім туралы» заңда барлық білім беру ұйымдары лицензиялануы тиіс деп жазылғандықтан, бұл мектепке дейінгі секторға да қатысты болады.

Бұған дейін жекеменшік балабақшалардың 80% мемлекеттік аттестациядан өте алмағаны хабарланған болатын.

«Екі жыл бұрын біз лицензиялау мен мемлекеттік бақылауды қайтаруға әрекет жасадық. Алайда сол кезде кәсіпкерлер палатасының, балабақшалар қауымдастығының және бірқатар мемлекеттік органның ұстанымы бұл норманы заңға енгізуге мүмкіндік бермеді. Бірақ біз бұл бағытта жұмысты тоқтатпадық. Былтырдың соңында мемлекеттік аттестаттау жүйесін енгізе алдық. Аттестация нәтижесі көңілден шықпады. Тексерістен өткен балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өте алмады», – деп жазды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында.

Сонымен бірге, А. Аймағамбетов мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейетінін айтты.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА