23.11.2024

Министрлік педагогтерге 30 млрд теңге қарыз – депутат

Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің атына депутаттық сауал жолдап, мұғалімдердің айлығын кешіктермей төлеуді сұрады.

«Кейінгі бірнеше күнде депутаттардың атына мұғалімдерден көптеген өтініштер түсіп жатыр. Олар айлықтары, еңбек демалысының ақысы, емделу өтемақысы кешігіп жатқанын айтып, көмек сұрауда», – деді Мәжіліс өкілі.

Оның дерегі бойынша, 1 маусымда елдегі 300 мыңдай мұғалім жазғы еңбек демалысына шыққан.

«Сіздің ведомство мамандарының бюджет жоспарлауға салғырт қарауының салдарынан қаражат тапшылығы туындап отыр. Оның саларынан педагогтердің бір бөлігі мамыр айының айлығын толық көлемде ала алмай отыр. Оның үстіне еңбек демалысының ақысы мен емделу өтемақысының қарызы 30 млрд теңгеге жеткен. Педагогтердің бұл шағымы әділетті болғанына қарамастан, министрлік жұмған аузын ашпай отыр», – деген депутат министр Асхат Аймағамбетовтен аталған мәселені кешіктірмей шешуді сұрады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, елдегі маман тапшы өңірлерге барған мұғалімдердің жалақысы 150%-бен төленеді.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

2 COMMENTS

  1. Жылда осылай ғой. МБ деп басында береді, РБ деп жартысын аяғында береді. Ол аздай оздоровительный пособиені де дұрыс төлемейді. Ставка соц. педагогқа төленіп, 12 сағатқа төлемей отыр. Облыс, тіпті аудан бойынша көптеген мектеп төлеп береді. Біздің мектеп жылда осылай. Айта-айта болдық. Ал есептеп көрсем 121000 теңге. Кімнің қалтасын теседі, бұндай ақша.

  2. Біздің отпускнойымызды тез арада төлесін,жазғы мектепте жүреміз деп,кеш шыққанымыз үшін кінәлімізбе?1мен 11 де шыққандар толығыменалып болды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА