23.11.2024

Қала мен ауыл оқушылары арасында білім алшақтығы 22 балға қысқарды

Қала мен ауыл оқушылары арасында білім алшақтығы 22 балға қысқарды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Орта білім бойынша басты мәселе – білім сапасын арттыру. Өңірлер арасындағы, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді. Сапаны бағалау бойыншы біз сыртқы және ішкі бақылау механизмдерін кеңінен қолданамыз. Осы тұрғыда біз үшін халықаралық PISA зерттеуі маңызды болып табылады. Біз осы Ұлттық жоба бойынша «Мектептерге арналған PISA» халықаралық арнайы зерттеуін өткізуді қолға алдық», – деді министр.

Оның айтуынша, халықаралық сарапшылардың болжауына сәйкес, пандемияға байланысты PISA зерттеуі бойынша еліміздің көрсеткіштері 30-40 балға төмендеу тәуекелдері бар.

«Дегенмен, 2021 жылы өткен «Мектептерге арналған PISA» нәтижелері оқушылардың білім сапасының оқу сауаттылығы бойынша 30 балға, математикалық сауаттылық – 24 балға, жаратылыстану бағыты бойынша 11 балға өскенін көрсетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Ал қалалық және ауылдық оқушылар нәтижелерінің арасындағы алшақтық 22 балға, әртүрлі басқа тілде оқитын оқушылар нәтижелерінің арасындағы алшақтық 21 балға қысқарды», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің атап өтуінше, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік және қолайлы жағдай жасау мәселелері тұрақты бақылауға алынған. Ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды ұлғайту үшін 2021 жылы 8 ПМПК және 6 түзету кабинеті, биыл тағы 3 ПМПК мен 4 түзету кабинеті ашылды. Нәтижесінде 175 мың мүмкіндігі шектеулі бала арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылды.

«Осы жылдан бастап ерекше балақайларды қолдау үшін біз алғаш рет мемлекеттік тапсырыс орналастыратын болдық. Президенттің қолдауының арқасында заңға жаңа өзгерістер еңгізілді. Бұл шешім ерекше балалар үшін инклюзивті білімді дамытуға, кезектілікті азайтуға және мұқтаж балаларға тең білім беру қызметтерін алуға мүмкіндік берді», – деді ол.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА