07.11.2024

Еліміздегі 2 ЖОО-ға зерттеу университеті мәртебесі беріледі

Еліміздегі 2 жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін 3 жоғары оқу орнын зерттеу ЖОО-ларға айналдыру жоспарланған. Бұл – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді», – деді Саясат Нұрбек.

Оның дерегінше, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ді зерттеу университетіне трансформациялау бойынша даму бағдарламасы мен қаулы жобасы дайындалды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың зерттеу университетіне ауысуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету мақсатында өмір бойы оқыту тұжырымдамасы қабылданды. Бейресми білімді тануды қамтамасыз ету үшін біліктіліктің Ұлттық шеңберін өзектендіру пысықталуда», – деді ол.

Министрдің атап өтуінше, академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске асқан 10 жылдың ішінде 17 000-нан астам қазақстандық студент шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында білім алды. Осылайша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында осы бағдарлама бойынша оқудан өткен студенттер саны – 2 320 адамды, 2021 жылы 3 246 адамды құрады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА