07.11.2024

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Оның атап өтуінше, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының жоғары білімге қатысты негізгі бағыттары – халықаралық аккредиттеуден өткен жаһандық білім беру бағдарламаларын іске асыруға қол жеткізу, шетелдік әріптестермен академиялық алмасуларды кеңейту, 2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалдарын ашу.

«2021-2022 оқу жылына контингенттің жалпы саны 623 839 адамды құрады. Барлығы – 120 ЖОО. 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы – 68,9 пайызды құрады. Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 36 мың адам. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды. 2025 жылға дейін 90 мыңға дейін көтеріледі. Сондай-ақ, студенттердің стипендиясы да артып келеді. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға 1,5 есеге артады», – деді ол.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА