23.11.2024

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына қатысты жауап берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, бізде тыйым салу деген оңай. Бірақ тыйыммен барлық мәселе шешілмейді. Ол мұғалім болғаннан кейін балалармен тиісті жұмыс жүргізуі керек. Сонымен қатар, біз барлық мектептерге арнайы құзірет бердік. Ол қандай құзірет ? Әр мектеп өзінің ішкі ережелерін өздері қабылдайды. Соның ішінде телефон қолдану тәртібін де бекітуге болады. Кейбір мектептерде сабақ басталған уақытта балалар телефондарын тиісті жерге қойып қояды. Ал енді кейбір мектептерде кіреберісте арнайы жәшікке қалдырып кетеді телефондарын. Ол бірінші кезекте мектептің қомқоршылық кеңесі мен педагогикалық кеңесінің құзыретінде», – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Брифингі аясында министр шетелдік педагогтерді жұмысқа қабылдау тәртібін де түсіндірді. Айтуынша, педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлер Ұлттық біліктілік тестінен өтуі тиіс.

Қоса кетсек, сонымен қатар таяуда Қазақстанда «Педагог» кәсіби стандарты қабылданады. Мәлім болғандай, оның енгізу жұмыстары аяқталуға жақын.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА