07.11.2024

ҰБТ: бесінші күннің нәтижесі

2014 жылғы 6 маусымда 8 274 түлек сынақ тапсырды.

19 пунктте өткізілген тестілеу барысында ережені бірнеше рет бұзғаны үшін 3 сынақ тапсырушы аудиториядан шығарылды.

Аудиторияға кіреберісте сынақ тапсырушылардан 3 762 ұялы телефон, 3 827 шпаргалка, 231 калькулятор, 16 фотоаппарат, 5 рация, 4 блютуз, 13 – 4G, 1 WI-FI, 1 интернет-модем тәркіленді.

Ең жоғары көрсеткішке 2 түлек қол жеткізді. Атап айтқанда, Ордабасы ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің бітірушісі Ержанова Ұлпан мен Шымкент қаласындағы №23 мектептің түлегі Ахмеджанова Шахзода ең жоғарғы 125 ұпайды қанжығаларында байлады.

Бұл күні 100 баллдан жоғары алған мектеп бітірушілердің саны 1 469 (17,8 %) жеткен (2013 жылы – 1 147 (12,3 %).

Орташа балл – 77,2 (2013 жылы – 74,6 балл) болса, шекті 50 баллды жинай алмағандардың саны – 1 997 (24,1 %) (2013 жылы – 2 603 (28 %) болды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА