07.11.2024

Мектеп оқушысы Алматы әкіміне көшелерді су басудың алдын алатын жоба ұсынды

Мектеп оқушысы жауынды күндері Алматы көшелерін су басу мәселесін шешетін «жасыл дренаж» жобасын әзірлеп, қала әкіміне ұсыныс жасады.

«Мен Алматы қаласында орналасқан физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысымын. Менің сізге ұсынысым бар. Қаламызда, атап айтқанда Алмалы ауданында жаңбыр жауған кезде шалшықтар пайда болады және су басу мәселесі туындайды. Мен «жасыл дренаж» жобасын әзірледім. Бұл құдық, оның ішінде батпақты өсімдік және топырақ болады. Ол жерге жаңбыр суы ағады, өсімдіктер арқылы сүзіледі, олар арнайы осы үшін жасалған. Су осы жерге сіңіп кетеді. Бұл жобаны Филадельфия мен басқа да көптеген қалалардағы зерттеулерді негізге алып жасадым. Онда жоба сәтті жұмыс істеді, оны Алматы жағдайына сай түзеттім. Менімен бірге пилоттық жоба жасауларыңызды сұраймын», – деді оқушы тұрғындармен кездесуге келген әкімге.

Осыған орай, Ерболат Досаев Алмалы ауданының әкімі мен Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасына тапсырма берді.

«Пилоттық режимде қолданып көрейік, неге болмасқа?» – деді Ерболат Досаев.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА