22.11.2024

Маңғыстау жастарына бөлінген 6 мың білім грантының 75 пайызы ешкімге берілмей қалып қойған

Батыс облыстардың түлектері үшін қосымша 10 мың грант бөлінген. Оның ішінде маңғыстаулықтарға арналған 6 мың гранттың төрттен бірі ғана игерілген. Бұл мәселе Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау жұртшылығымен кездесуінде көтерілді.

«Өңірлердегі мектептерді дамыту керек. Сондықтан, Оқу ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, аймақтардағы мектептердің қызметіне талдау жүргізуі керек. Сондай-ақ, мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеуге қажетті әдістеме дайындауға тиіс. Жақында Білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіледі. Оны іске асыру үшін құзырлы органдар тиісті шараларды уақытылы қабылдауы керек. Өңірге қажетті кәсіби кадрларды даярлау ісіне баса назар аударған жөн. Мемлекет жыл сайын білім грантының санын көбейтіп жатыр. Биыл жоғары оқу орындарына 73 мың грант берілді. Бұған қоса мен батыс облыстарының түлектері үшін қосымша 10 мың грант бөлуді тапсырдым. Соның 6 мыңы Маңғыстауға берілді. Бірақ бұл гранттың төрттен бірі ғана игерілген. Бұл – түсініксіз жағдай», – деді жиында Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, облыста білікті мамандарға деген сұраныс өте жоғары.

«Ашығын айтсақ, жоғары оқу орындары және құзырлы министрлік кәсіби бағдар беру жұмыстарын ойдағыдай атқармай отыр. Түлектерге және ата-аналарға қосымша грант бөлінгені туралы толық ақпарат жетпей жатады. Ғылым және жоғары білім министрлігіне арнайы білім гранттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуді тапсырамын. Аймақта жастардың грантпен білім алуы, маман тапшылығы, түптеп келгенде облыстың дамуы – бәрі өзара тығыз байланысты мәселе. Сондықтан, облыс әкімі бұл мәселені мұқият қарастыруы керек, – деп атап өтті Президент.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА