07.11.2024

Алматы облысында мектеп директорына сөгіс жарияланды

Алматы облысы, Талғар ауданында мектеп оқушысы сырт киімін алмақ болғанда құлап, оны балалар таптап кете жаздады. Осыған байланысты мектеп директорына сөгіс жарияланды.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Талғар ауданындағы №3 мектепте болған.

«Сабақ уақыты біткен соң, балалар жаппай гардеробқа сырт киіміне қарай жүгірді. Куәгерлердің айтуынша, қыз еденге құлап, есінен танып қалған. Оқиға кеше болған. Осы оқиғадан кейін мектеп штатта киім ілетін жерде тұратын адам болмағандықтан, сырт киімдерін сыныпқа алып кіруге рұқсат етті», – делінген хабарламада.

Алматы облысының әкімдігі оқиғаның 17 қарашада Абай атындағы №3 мектептің гардеробында екінші ауысымда сабақ біткен кезде болғанын айтты.

«Ол уақытта кезекші мұғалім шыға берісте тұрған, 6-сынып оқушысы көп баланың ортасында қысылып кейін құлап қалған. Оның орнынан тұруына сыныптастары мен кезекші мұғалім көмектесті, оқушы есінен танып қалған жоқ. Қазіргі уақытта қыз өзін жақсы сезінеді, оның денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – деді әкімдіктегілер.

Ведомствоның хабарлауынша, ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 2-тармағына сәйкес мектеп директоры Ж.Құмарова тәрбие жұмысындағы олқылық үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды. Сондай-ақ, оған оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА