22.11.2024

Еліміздегі мектептердің 24 пайызы ғана ер мұғалімдер

Елімізде ұстаздардың саны жыл санап артып келеді. ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған мәліметке сенсек, 2021 жылы мұғалімдер саны 313 мыңнан асса, биыл 340 мыңнан астам мұғалім еңбектеніп жатыр.

«TALIS – 2018» халықаралық зерттеу нәтижесіне сәйкес Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда әйел ұстаздардың үлесі басым – 76%. Басқа елдермен салыстырсақ, Латвияда әйел мұғалімдердің үлесі – 89%, Литвада – 85% ал Грузияда – 83% құрайды», – деген жауап берді Оқу-ағарту министрлігі.

Сондай-ақ, министрлік мектеп мұғалімі мен балабақша тәрбиешісі мамандығына ер адамдарды көптеп тартуға қатысты түсініктеме берді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе өзге жағдаяттар бойынша ешкімді кемсітуге болмайды. Осылайша заң аясында ерлер мен әйелдердің білім алуы мен еңбек ету қолжетімділігі теңдей қамтамасыз етілген. Сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға түсу үшін ер азаматтарға жеңілдік жасап, квота бөлу қыз балалардың жоғары білім алуға қолжетімділігін шектейді», – дейді ведомстводан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздің балабақшаларында 3 мыңға жуық ер тәрбиеші жұмыс істейді.

Министрлік мәліметіне сәйкес Қазақстанда ұстаздық ететін ер адамдар үлесі жыл санап артып келеді.

Атап айтқанда, мектептерде 68 мыңнан астам ер мұғалім, ал балабақшаларда 2700-ден астам тәрбиеші-педагог бар.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА