22.11.2024

36 ОҚУШЫ «АҚБЕРЕН» ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Қазақстанның әр өңірінен 36 оқушы «Ақберен» IX республикалық өнер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Барлық оқушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шығармашылық сайыстарға барлығы 8-11 сыныптардың 1 800-ден астам оқушысы қатысты. Балалар халық аспаптарын меңгеру шеберлігі, шешендік өнер, білім сайысы, эссе жазу, ақын-импровизаторлар сайысы, сондай-ақ поэзия байқауында бақ сынасты.
«Ақберен» – жыл сайын еліміздің ең шығармашыл және дарынды оқушыларының басын қосатын бірегей жоба. Бұл байқауға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2021 жылы оған 94 оқушы қатысса, биыл 130 оқушы бірден республикалық кезеңге өтті. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша 36 бала жеңіске жетті. Оқушының барлығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен, сонымен қатар «Технодом» компаниясының бағалары сыйлықтарымен марапатталды. Атап айтқанда, балалар бірінші орынға ноутбуктер, екінші орынға планшеттер, үшінші орынға құлаққап пен электронды кітаптар алады. Бүгінгі күні елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға және қолдауға белсенді түрде жағдай жасалып жатыр. Мәселен, зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына білім гранттары беріледі, түрлі олимпиадалар мен байқаулар өткізіліп, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдауға квота бөлінеді», – деді ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА