22.11.2024

Білім министрі Қыздар университетінде болды

16 маусым күні ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұмыс сапарымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде болды. Онда министр Қыздар университеті аумағында бой көтеріп жатқан 450 орындық жаңа жатақхана, 32 орындық жүзу бассейн құрылыстарын аралап көріп, университет тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, жуырда ашылған «Қазақ Аруы» субұрқағы мен қыздар тарихынан сыр шертетін еліміздегі бірегей «Ақтұмар» мұражайын тамашалады.
3Қыздар университетінің бірінші проректоры Баходир Алиев қонақтарға оқу орынның тыныс-тіршілігінен хабар беретін көрме залымен, өткен жылы ашылған ҚР Тұңғыш Президенті салтанат залымен таныстырды. «Университеттің қазіргі заманға сай білім базасы бар, мұнда кәсіби біліктілігі жоғары педагогтар құрамы еңбек етеді. Нақтырақ айтқанда, еліміздің түкпір-түкпіріне педагог мамандарды даярлайтын киелі шаңырақта қазіргі таңда 700-ден астам профессор-оқытушылар құрамы жұмыс жасайды. Жылдан-жылға профессор-оқытушылар әлеуеті жоғарылауда. Бүгінде университетте заманауи талаптарға сай кредиттік технология жүйесі негізінде 41 мамандық бойынша 9 000-ға жуық студент білім алуда. Сондай-ақ, 23 магистрлік және 4 докторантура мамандықтары кадрлар дайындалады. Университетіміздің жетістіктері мен үздік көрсеткіштері бағаланып, 2013 жылы «Сала Көшбасшысы» Ұлттық сертификатымен марапатталынды. Қыздар университеті Ұлттық рейтинг бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 2 орынға ие», – деді Б.Алиев.
Ал, өз кезегінде Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор Зәуреш Сабырова студенттердің шығармашылығын шыңдайтын білім ошағындағы үйірмелер мен клубтардың жұмыстары жөнінде айтып, ұлт тәрбиешілерін қалыптастырудағы жүргізіліп жатқан рухани құндылықтар туралы ақпар берді.
2«Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, қазақ қыздарына тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республика деңгейінде жеке дара ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады. Университет студенттік өзін-өзі басқаруға көп көңіл бөледі. Бізде 40-тан аса студенттік ұйым мен клуб бар. Парасат мектебіне айналған білім ошағында елімізге әйгілі «Айгүл» ансамблі, «Ұлар» ұлт аспаптар оркестрі, «Томирис» би тобы, 150 адамнан тұратын үлкен хор, «Өнер – жастан» опера және «Жан сарайы» драма театры, «Тек қана, қыздар» көңілді тапқырлар клубы жұмыс жасайды. Еліміздің әр облысында жалғасын тауып келе жатқан тек аруларымызға арналған танымдық «Қыз Жібек» клубы қазірде қоғамдық бірлестікке айналды. Соңғы бір жылда 86 студентіміз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша биіктен көрінді. Спорт көкжиегінде жасындай жарқылдаған Майя Манеза, Карина Горичева, Мұхитова 6 (1)12Айзада, Әділнұр Дидар және басқа да көптеген жеңімпаз қыздарымызды бөле-жара айтуға болады. Соңғы универсиададан 89 ЖОО ішінде Қыздар университеті 7 орынға шықты. Жуырда ғана өткен Әйелдер денсаулығы Олимпиадасында тағы да бас жүлдені жеңіп алып, екінші рет қатарынан чемпион атанды», – деп бас ғимараттың көрме залында сөзіне дәлел болатын марапаттармен таныстырды.
Оқу орындағы оқу үдерісіне енгізілген жаңалықтар туралы сөз еткен Академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшысы Кульзия Қалымова білім берудегі сапа менеджменті жүйесінің элементтері негізінде автоматтандырылған басқару жүйесі туралы айтып берді.
13Бұдан соң еліміздің Бас педагогы замануи бағытта жұмыс істейтін ғылыми зертханалармен және университет ғалымдарының ашқан ғылыми жаңалықтарымен танысты. Онда әртүрлі құрал-жабдықтардың жұмысын тамашалған министр инновациялық технологияларды пайдалана отырып тұңғыш рет алынған экологиялық таза сабындарды, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылатын шағын микрогидроэлектрстанция жобаларына жоғары баға берді.
Жұмыс сапарының соңында Қыздар университеті жұмысына ризашылығын білдірген Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов басшылыққа салынып жатқан құрылыс нысандарын белгіленген мерзімде аяқтауды бақылауға алуды табыстап, бірнеше тапсырмалар берді, – деп хабарлайды, Қыздар университеті» медиа орталығы.
kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА