22.11.2024

Жайлы мектеп: Сметасы бекітілмеген мектептердің құрылысы басталып кеткен

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов «Жайлы мектеп» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» атты екі пилоттық ұлттық жобаны іске асырудағы кемшіліктерді атады.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте Үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

«Қазақфильм» АҚ шығарған кинокартиналардың табысы оларға жұмсалған бюджеттің 4,8% ғана құрады. Оған қоса, Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесінің әлі күнге дейін енгізілмеуі отандық киноны өндіру және прокаттау процесінде ашықтықтың болмауына ықпал етті», – деді Н. Нұржанов.

Сонымен бірге, спикер НҚА-ға өзгерістер енгізу бойынша шаралардың уақытылы жүргізілмеуі ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін салу және қайта жаңарту бойынша 8,2 млрд теңге бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соққанын атап өтті.

«Осы уақытқа дейін бюджет қаражаты есебінен салынған газ тарату және газ тасымалдау жүйелерінің 1 481 объектісі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ балансына берілмеген. Су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша төрт жоба да іске асырылмаған күйінде қалып отыр», – дейді Н. Нұржанов.

Оның айтуынша, АӨК субсидиялау саласында бюджет қаражатын көзделмеген мақсаттарға пайдалану орын алған. Мысалы, қант қызылшасының сатылған өнімі үшін шығындарды ішінара өтеуге бөлінген субсидиялардың бір бөлігі басқа дақыл — мақсары есебінен игерілген. Бұл ретте қант қызылшасын жалпы жинау көрсеткішіне қол жеткізілмеген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдары арқылы айналып өту салдарынан жекелеген жағдайларда жеке серіктестермен 17 есе жоғары бағамен келісімшарттар жасалған.

«Жоғары аудиторлық палата «Жайлы мектеп» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» атты екі пилоттық ұлттық жобаның іске асырылуына аралық бағалау жүргізді. «Жайлы мектеп» жобасында әрбір мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге жұмсалатын шығындардың шарт сомасынан 3% дейін ұлғайтылғаны анықталды. Жалпы 26 ЖСҚ құны есеп айырысу құнымен салыстырғанда 45 млрд теңгеден асқан», – деді Н. Нұржанов.

Одан бөлек, айтылған мәліметтерге сәйкес, 12 жер учаскесі бойынша әлі де проблемалық мәселелер шешілген жоқ. Кейбір мектептердің бекітілген ЖСҚ мен оң қорытындылары болмаса да, құрылысы басталып кеткен

Жергілікті атқарушы органдардың салынған мектептерді сатып алу тетігінде бір мектепті сатып алу құнының есептік теңгеден 36%-ға – 2,1 млрд теңгеге артуы анықталған.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына келсек, оған қалалық аурухана мәртебесі бар төрт медициналық мекеме енгізілген, бұл оның негізгі мақсатына қайшы келеді. Атап айтқанда, онда 565 млн теңгеге 14 медициналық жабдықты сатып алу жоспарланған болатын. Бірқатар жаңа медициналық мекемелердің уақытылы салынбауынан Қарағанды және Қостанай облыстарының алты ауылының 11 мыңға жуық тұрғыны қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілмеген», – деп түсіндірді Н. Нұржанов.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА