07.11.2024

Сапалы оқулық та – инвестиция

Бүгінгі таңда еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларына қатысты ай­тыл­ған барлық бастамаға ерекше назар ауда­ру – әрбір азаматтың парызы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жол­дауын осы бағыттағы маңызды страте­гиялық қадам десек болады.

Мемлекет басшысы атап өткен мәселелердің бірі – білім жүйесінің заманауи талаптарға сай болып, оқушыларға сапалы білім беру. Бұл тек қана білім беру мекемелері үшін емес, сондай-ақ оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын дайындайтын баспаларға үлкен жауапкершілік жүктейді. Біздің ұжым еліміздегі білім саласында оқулықтар дайындайтын жетекші баспа ретінде Президенттің білім беру саласындағы реформаларын толық қолдайды.

«Жайлы мектеп» жобасы – еліміздің болашақ ұрпақтарының заманауи, сапалы білім алуына жасалған аса маңызды бастама. Баспамыз осы жобаға қатысу арқылы мектептерге қажетті оқулықтар мен оқу материалдарын әзірлеп, сапалы білімге өз үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан тұтады. Білім ұйымдарына оқулықтар дайындау ұрпақтың кемел болашағына инвестиция салу деп білеміз.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы атап өткен әлеуметтік мәселелер, әсіресе, балаларды қорғау ісі де басты назарда болуға тиіс. Осы орайда қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, мектептер мен білім мекемелеріне балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін материалдар дайындауға әрқашан дайынбыз.

Баспа қызметінің негізгі бағыттарының бірі – цифрлық білім беру ресурстарын дамыту. Біз жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізуді белсенді жүзеге асырып жатырмыз. Президент Жолдауында айтылғандай, еліміз жасанды интеллект технологияларын дамытуда алдыңғы қатарда болуы керек.

 

Алина Дидара СҰЛТАН-МАХМУДҚЫЗЫ,

Arman-PV баспасының директоры

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА