07.11.2024

Ақтауда әрқайсысы 1 200 орындық 2 мектеп ашылды

Бүгін, 30 қыркүйек күні Ақтау қаласының 18 шағын ауданында №18-мектеп және 19 А шағын ауданында №24-мектеп пайдалануға берілді. Білім ошақтары Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша «Білім беру инфрақұрылымын дамыту» қорының есебінен салынып, қолданысқа енгізілді.

Мектептерде балаларды оқыту үшін барлық жағдай жасалған.

— Мектеп ғимараттары толықтай заманауи үлгіде салынып, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Мұнда спорт залдары, асхана, кітапхана, компьютер сыныптары, зертхана кабинеттері мен шеберхана, медпункт және егу кабинеті жұмыс істейді, — дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.

Ақтауда жаңа мектеп ашылды
Фото: Білім басқармасының баспасөз қызметі

Маңғыстауда оқушы саны жыл сайын орта есеппен 5 мыңға өсіп отыр. Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде 183 мыңнан аса оқушы оқуда, оның ішінде 20 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

Ақтауда жаңа мектеп ашылды
Фото: Білім басқармасының баспасөз қызметі

Облыста «Білім беру инфрақұрылымын дамыту» қорының есебінен тағы екі мектеп бой көтерді. Олар Мұнайлы ауданының Басқұдық және Қызылтөбе-2 ауылдарында орналасқан. Одан бөлек, аймақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 мектеп қолданысқа берілмек.

Ақтауда жаңа мектеп ашылды
Фото: Білім басқармасының баспасөз қызметі

Бұған дейін, Ақтауда оқушылардың мектептің кіреберісінде тапталып қала жаздағанын жазған едік.

Ақтауда жаңа мектеп ашылды
Фото: Білім басқармасының баспасөз қызметі
Ақтауда жаңа мектеп ашылды
Фото: Білім басқармасының баспасөз қызметі
Ақтауда жаңа мектеп ашылды
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА