22.11.2024

Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау ережелері

ҰстазАлғашқы қоңырау соғылып, оқу маусымының басталуына санаулы күн қалды. Күні кеше ғана балабақшаға барған 13 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сынып табалдырығын аттағалы отыр. astana.kz сайтына Астана қаласы Білім басқармасының хабарлағанындай, кез келген ата-ана баласын бірінші сыныпқа қабылдату үшін тіркелген мекен-жайы бойынша мектептің қабылау комиссиясына бара алады.

Ал, алдымен қажетті құжаттар тізімін нақтылап алған жөн. Атап айтар болсақ, мектепке қабылдау туралы өтінім, баланың 3х4 екі фотосуреті, туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі, баланың ЖСИ, баланың және ата-ананың тұрғылықты жерінен анықтама, денсаулық паспорты, егу картасы мен іс-қағаздарын бекітуге арналған тезтікпе керек.
Сондай-ақ, мектепке қабылдау алдында мектеп психологымен әңгімелесу жүргізіледі. Психолог балаға ата-анасы, отбасы, немен әуестенеті жөнінде сұрақтар қояды. Бұл баланың мінезін жақсы танып, біліп, қатарластары мен мұғалімдерімен кездесуге дайындығын білуге мүмкіндік береді

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА