22.11.2024

Сыныптасын қаламсаппен өлтірген астаналық оқушының жүйке жүйесі бұзылған.

Сыныптасын қаламсаппен өлтірген астаналық оқушының жүйке жүйесі бұзылған. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының өкілі Жасұлан Сәрпеков Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.
“Бұл мектепке ер балалар №52 және 66 мектептерден келіп қабылданған. Олардың бұрын оқыған мектептері берген мінездемеге қарағанда, балалардың мінез-құлқы қалыпты. 52-мектептен ауыстырылған ер бала үйден білім алған. Оның психикалық ауытқуы бар. Оған 2014-2015 жылдары жалпы білім беретін мектепте құрдастарымен бірге оқуға кеңес берілген. 2013-2014 жылдары ол үйден білім алды. Жасөспірім психикалық ауытқуы бар адамдардың тізімінде тұрған”, – деді Ж.Сәрпеков.
Астана прокуратурасының мәліметінше, сыныптасын өлтірген оқушы қазір ата-анасының жанында. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол аяқталысымен қылмыстық іс қозғалады. “ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабымен іс қозғалуы мүмкін. Бала әлі 13-те. Ал, заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке 14 жастан бастап тартылады. Тіпті, ата-аналары да жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Кімнің кінәлі екені қосымша тергеуден кейін анықталмақ. Бәлкім мұғалімдер тарапынан кемшіліктер кеткен шығар немесе мектеп инспекторларынан” деді Ж.Сәрпеков өз сөзінде.
Естеріңізге салайық, кеше Астана қаласындағы №76 мектепте 8 сынып оқушысы өз сыныптасының жүрегіне қаламсап тығып алған болатын. Салдарынан жарақат алған жеткіншек ауруханаға жетпей көз жұмды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА