22.11.2024

2016 жылдан бастап Қазақстанның бастауыш сынып оқушылары «Ғылымға кіріспе» пәнін оқиды

2015 жылы Қазақстанның 63 мектебінде бастауыш сыныптарда «Ғылымға кіріспе» жаңа пәні қабылданады, ал 2016 жылдан бастап бұл пән жаппай енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев «Корея Республикасының үлгісінде өнертапқыштық және креативті ойлауға үйрету әдістемесі» оқу семинарының барысында хабарлады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е.Иманғалиевтың сөзіне қарағанда, бұл пән Назарбаев интеллектуалды мектептерінің негізінде қабылданды және қазіргі уақытта оны жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Осы күні аталған жаңалықты енгізу үшін бұл тәжірибе Назарбаев интеллектуалды мектептерінің негізінде Талдықорған, Астана және Көкшетеуда бастауыш сыныптарына жүргізілді. Және ол жалпы білім беретін мектептерге таралуда. Қазір біздің мұғалімдердің 27 пайызы Назарбаев интеллектуалды мектептерінің базасында үш деңгейлі курстарда өтті. Олар Кембридж университетімен бірге осы жобаны жүзеге асыруда», – деп хабарлады Е.Иманғалиев.

Семинар жұмысына Дүниежүзілік өнертапқыш және кәсіпкер әйелдер қауымдастығының президенті Хан Ми Енг, сонымен бірге Интеллектуалды меншік дүниежүзілік ұйымының өкілдері қатысты.

-ЖАРНАМА-spot_img

2 COMMENTS

  1. Жаңадан пән енгізе беру балардың білім сапасын арттырмайды. Мысалы, факультатив ретінде енгізілген Абайтану, Алаштану және дін тану секілді пәндердің мектептерде сапалы өткізлетініне, сол пәндерді өтетіндердің сол ұғымды өздері толық таниды дегенге күмәнім бар…

  2. Алланың нұры жаусын! Мен түсінбеймін кімге керек? Айттыңыздаршы? Дінтануды қоссын бізге ауадай қажет …..

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА