22.11.2024

Астанада үздік жыл оқушысы анықталады

18 қарашада Оқушылар сарайында қала мектептерінің көшбасшы оқушылары арасында байқау өтеді. Оған білім мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары қатысады. Қатысушылар алдымен Қазақстан тарихынан тест сұрақтарына жауап беріп, эссе жазу арқылы іріктеу кезеңінен өтті. Ақтық сынға 15 оқушы іріктеліп алынды. Ақтық кезең бірнеше кезеңнен тұрады, оқушылар тапқырлығын, эрудициясын және шешендік өнерін көрсетуге тиіс, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайыты.

Байқау ҚР тұңғыш Президенті күніне орайластырылған, болашақ зияткерлік элита өкілдері ретінде мектеп партасында отырған жастар да халықтың рухани және материалдық байлығын арттыруға, еліміздің дамуына үлес қосуға тиіс. Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық патриотизмді қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін арттыру. Байқау міндеттері ел табысы мен жетістіктерін құрметтейтін жас қазақстандық патриот келбетін кеңінен таныту; жастардың болашаққа ұмтылысы мен мақсатының ортақтығын нығайту.

Байқауды ұйымдастырушылар Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының ішкі саясат және Білім басқармалары.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА