22.11.2024

Ербол Тілешов: Бұл оқулықтарды көру – ұят.

“Мектеп оқулықтарында тіл қолданысында кемшіліктер көп кездеседі. Жақында ғана 1-сыныптан бастап 10-сыныпқа дейінгі орыс мектептеріндегі қазақ тілі оқулықтарын саралап шықтым. Мұндағы айтайын дегенім, бұл оқулықтарды көру – ұят. Себебі жүйе жоқ. Мұндай оқулықпен бала он бір жылда ешқашан қазақ тілін үйренбейді. Он бір жыл бойы мектепте оқитын әр бала қазақ тілін 1600 сағат оқиды. Сонда бір сабақта бір сөз үйренсе, ол 1600 сөз үйреніп шығады екен. Ғалымдардың зерттеуінше, бір тілді үйрену үшін бастапқы кезде 1100-1200 сөз білу керек екен. Көрдіңіз бе, бала қазақ тілін үйрене алмағаннан кейін колледжде тағы оқытамыз, университетте тағы оқытамыз. Мемлекеттік қызметке келгенде тағы оқытамыз. Демек, қазақ тілін оқытуды нәтижелі етуіміз керек. Сонда мемлекеттің де қаржысы үнемделеді”

Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешовтың «Тіліміздің төл табиғаты бұзылмасын десек…» сұхбатынан.

Ана тілі газеті.18 – 24 қыркүйек. 2014 жыл.

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА