07.11.2024

Білімге жиі реформа жасағаннан ұтамыз ба?

Баланың білімін саудаға салып қойған жоқпыз ба осы?! Бұлай деуі­міздің де себебі бар.

«Астана» ар­насы жаңалықтарынан «Білім беру мәселелері жөніндегі бірқатар заң­намалық актілерге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жоба­сына сәйкес, Білім министрлігі 2016 жыл­дан бастап ұлттық тестті үш ке­зең­де – бастауыш сыныптан кейін, негізгі мектептің соңғы сыныбында және кәсіби мектепті бітірген соң – тапсырту ережесін қабылдауды жос­парлап отыр» деген ақпаратты есті­ген едік. Министрдің айтуынша, мұн­дай аралық тест шәкірттің қабі­летін анықтауға мүмкіндік беретін көрінеді.
Баланың білімін бағамдау үшін ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін үш кезеңде өткізу қаншалықты тиімді?! Бұл жүйе, яғни ҰБТ оқушылардың білім деңгейін нақты анықтайтын тәсіл еместігі, оның мектеп оқушыларының білім сапасының төмендеуіне де өз әсерін тигізіп жүргені баспасөзде жиі жазылуда. Мәселен, 11 сынып оқушыларын алайық. Жыл бойы оқушылар ҰБТ-ға дайындалумен уақыт өткізеді. Олардың білімін тексеру үшін бірнеше рет тестілеу жүйесі жүргізіледі. Балалардың ынта-ықыласының барлығы дерлік, ұлттық тестілеуге ауып кетеді. Сонда оқулық қайда қалады? Мектеп бағдарламасы ше? 11-сыныпта өткізілетін бағдарламалардың көбі тасада қалып қоятыны жасырын емес. Өйткені баланың ҰБТ-дан жоғары балл жинауы – мектеп үшін де үлкен абырой.
Бүгінгі таңда әлемнің көптеген мемле­кеттері ҰБТ тәсілінен бас тартуға тыры­суда. Оның себебі, балалардың білім деңгейінің төмендеп кетуімен салысты­рады. Бізде керісінше, ҰБТ-ны жаңа бағытпен, үш кезеңмен жүргізуді қолға алмақпыз. Министр «бұл жүйенің ха­лықаралық тәжірибеде бар дүние екенін» айтады. «Оқушылар бастауыш сыныптан соң және 9 сыныптан соң тест тапсырады. Бұл – баланың әрі қарайғы бағытын анықтау үшін тиімді. Мәселен, ЖОО-ға бара ма, әлде кәсіби-техникалық білім алуға бағыттала ма? Бұл тест бізге тек мо­ниторинг үшін керек. Яғни министр­лік, жергілікті атқару органдары, ата-ана мен ұстаз мектептің, оның ішінде баланың деңгейін біліп отырады» дейді. Ми­нистр Сәрінжіповтің пікірінше, бала­лардың білім деңгейіне мониторинг жасау үшін тиімді тәсіл осы. Ал бұл жүйе бала­ларға тиім­ді ме? Министрлікке монито­ринг ке­рек шығар, ал баланың дайындығын қай­да қоямыз?! Онсыз да мектеп бағ­дар­ла­масы бастауыш сыныптағылар үшін ауыр­­лап тұр. Екінші-үшінші сынып­тың ма­­тематика оқулығындағы есепті бала тү­гі­­лі, үлкендер әзер шешіп жүр. Мектеп бағ­дар­ламасын әзер үлгеріп жүрген ба­ла­ны тестілеуге дайындау қаншалықты қажет?!
Білікті ұстаздар ҰБТ жүйесінің оқушылардың білім деңгейін шынайы бағалай алмайтынын жиі айтып жүр. Бұрындары мемлекеттік емтихан тапсыру үшін оқушылар бірнеше пәннен дайындалушы еді. Әдебиеттен шығарма жазу, математикадан бақылау есептерін шығару тиімдірек еді. Қазір мұның бірі де жоқ. Отыра қалып, өзіңіз қалаған жауапты белгілей салсаңыз болғаны. «Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп шимайлап шыға­тындар да жетерлік. Тест сұрақтарына жауап беру аса білімділікті қажет етпейді. Білім сапасын жақсартудың жолы ұлттық бірыңғай тестілеуді үш кезеңмен өткізуден тұрмайды. Сапалы білім алу үшін ең алдымен ұстаздардың мәртебесін көте­руіміз керек. Жоғары жалақы алған маман ғана балаларға сауатты білім береді. Бұл – бір. Екіншіден, балалардың білімін жақсартудың тағы бір жолы – сапалы оқу­лықта дер едік. Оқулық сапалы болма­с­а, оқушы толыққанды білім ала алмайды.
Министрлік осындай ұсыныс тастады. Бұл жүйе қаншалықты жүзеге асады, ол – депутаттардың бекітуіне тікелей байланысты. Әзірге ұсыныс депутат­тардың қарауына берілді.

Гүлзина Бектас.
“Айқын” газеті

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА