Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, бекітілген жоспарларға сәйкес, үстіміздегі жылы 6 жалпы білім беру мектебінің (7200 орындық) құрылысы аяқталды, – деп хабарлайды, Астана қаласы акімдігінің ресми сайты.
соның ішінде:
1. №41 көше мен Л. Мирзоян көшелерінің қиылысындағы 1200 орындық мектеп;
2. №50 көше мен Ш. Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде орналасқан 1200 орындық мектеп;
3. Сарайшық көшесінің оңтүстігінде, Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан 1200 орындық мектеп;
4. Жәнібек-Керей хандар, Орынбор және Түркістан көшелерінің орамында орналасқан 1200 орындық мектеп;
5. Еңбекшілер, Орынбор және Жәнібек-Керей хандар көшелерінің қиылысындағы 1200 орындық мектеп;
6. Сығанақ көшесінің оңтүстігіндегі 1200 орындық мектеп (жобаланған).
Сонымен қатар, 7 мектептің (6 675 орындық) құрылысы жалғасуда, соның ішінде екеуі 800 орындық КТМ, оларды 2015 жылы пайдалануға беру көзделген:
1. Сейфуллин көшесінің оңтүстігіндегі 1100 орындық мектеп;
2. №26, №37, №38 және Хусейн бен Талал көшелерінің квадратындағы 1200 орындық мектеп;
3. Жобаланған Батығай т/к ауданындағы 1200 орындық мектеп;
4. Жұмабаев даңғылының батысында, Байтұрсынов көшесінде орналасқан 1200 орындық мектеп (жобаланған);
5. Көктал т.а. 375 орындық коррекциялық мектеп-интернат;
6. Бөгенбай батыр даңғылында құрылыс мамандарын даярлауға бағытталған 800 орындық КТМ;
7. Бөгенбай батыр даңғылында 800 орындық КТМ (байланыс және энергиямен қамту);