07.11.2024

Астанада кәсіптік және техникалық білімді дамыту жолдары талқыланды

Астанада әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, оқушылар арасындағы ғылыми әлеуметті арттыру – білім жүйесіндегі үздіксіз жұмыстың бір бөлігі ғана.

Елордада №60 мектеп-лицейінде Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиеваның төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа отырысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина қатысты. Отырыста кәсіптік және техникалық білімді модернизациялау, елорда мектептерінде басқарудың біртұтас жүйесін енгізу мәселелері және өткен жылы мемлекеттік жалпы білім стандарттарының атқарлығаны туралы қорытындылар талқыланды, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өз сөзінде Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев техникалық және кәсіптік білімді модернизациялау сұрақтарына ерекше тоталды. Қатысушылар инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, түлектердің жұмыспен қамтылуын қадағалайтын мониторинг орталығын құру секілді түйткілді мәселелерді атап өтті.

Айта кетейік, 2014-2015 оқу жылына сәйкес Астанада кәсіптік және техникалық білім беретін 32 дербес мекеме және 4 филиал жұмыс істейді. Жалпы студенттер саны – 28822, соның ішінде 87,2% күндізгі бөлімде, 0,2% және 12,6% сәйкесінше, кешкі және сырттай бөлімде оқиды.

Кәсіптік және техникалық білімнің жаңа жүйесі Қазақстанда индустриалды-инновациялық бағытта жұмыс істейтін жаңа мамандарды даярлау үшін енгізілуде. Елордалық мектеп оқушылары бірнеше жыл бойы халықаралық және республикалық олимпиадалар мен сайыстарда ғылыми жоба қорғау бойынша көш бастап келеді. Мысалы, 2014 жылы Астана қаласының олимпиадалық құрамасы сегізінші рет қатарынан еліміздің «Үздік құрамасы» атанды.

Оқыту жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану – заманауи білім жүйесінің бір бөлшегі болып табылады. Жаңа технологияларды игеру оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. «Е-leаrning» оқу бағдарламасының аясында Астанада 41 білім мекемесі тәжірибеге тартылды, соның ішінде 31 – мектеп, 9 – колледж.

Биыл «Болашақтың мектебі – бүгін» жобасы да жалғасын табады. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында әлемдік стандарттарға сай білім жүйесін жетілдіруге ерекше мән берілген. Астана Қазақстанның елордасы ретінде осы бағытта үлгі көрсететін орталыққа, жаңа инновацилық жобаларды іске асыратын кәсіби мамандар мен ғалымдардың орталығына айлауы қажет.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА