07.11.2024

2015-2016 оқу жылына 32 мыңнан астам грант бөлінеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2015-2016 оқу жылына 32 мыңнан астам грант бөледі. Бұл туралы аталған ведомстводан «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің ресми сауалына орай мәлім етті.

Ведомство ақпаратында қарағанда, ағымдағы жылы білім гранттарын беру тәртібінде еш өзгеріс орын алмайды. Гранттар байқау негізінде беріледі. БҒМ мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында салалық органдардың сұраныстарын ескеріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тенденцияларына арқа сүйейтін болады.

«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы қаулы жобасы бекітілуге дайындалу үстінде. Жобада 32 788 орын қарастырылған, оның ішінде 500 орын сырттай оқу бөліміне қарастырылып отыр», – делінген министрліктің ресми жауабында.

Индустриалды-инновациялық даму басымдықтарына сәйкес металлургия, геологиялық барлау, автомобиль және автомобиль жасау, тамақ өнеркәсібі технологиясы, құрылыс материалдары өндірісі, темір жол техникаларын жасау, мұнай химиясы сынды мамандықтарға гранттар бөлінеді.

«Сонымен қатар педагог кадрларды дайындауға да гранттар қарастырылады. Бұған қоса, инновациялық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да зор көңіл бөлінеді», – делінген ведомство ақпаратында.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА